Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа түсіріп, кәсіби рингтегі 19-шы жеңісін тіркеді

Сурет: Instagram/kossobutskiy
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 17 КО) Германия өкілі Хусейн Мұхаммедпен (17-1, 14 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Ауыр салмақтағы жекпе-жекте қостанайлық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос боксшы да өз кәсіби мансабында еш жеңіліп көрмеген. Тартысты болады деп күтілген бокс кеші Германияда өтті.

Көрермендер жан берісіп, жан алысқан айшықты жекпе-жектің куәсі болды, бірақ ол көпке созылмады. Жан Кособуцкийдің орындауындағы төрт нокдаун мен бір нокаут шешуші рөл атқарды.

Төреші неміс боксшысының жағдайына байланысты жекпе-жекті кілт тоқтатуға мәжбүр болды.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек осылайша үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Қостанайлық боксшы Жан Кособуцкий кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісін иеленіп, ауыр салмақта WBC International чемпионы атағын қорғап қалды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз