Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Әлем чемпионаты кезеңінде күміс медаль иеленді

Сурет: Instagram/abzal_azhgaliyev
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтіп жатқан Әлем чемпионатында екінші орын алды. Ол 500 метр қашықтықта конькимен жүгіруден екінші болып мәре сызығын қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спринтер жарысты 41.054 секунд нәтижесімен аяқтады. Канада өкілі Максим Лаун (40.946) алтын медаль еншіледі, үшінші тұғырға Оңтүстік Корея спортшысы Ли Джун-Со (41.350) көтерілді.

Осы қашықтықта, бірақ финалдық жарыста тағы бір қазақстандық Денис Никиша 40, 766 секунд уақыт нәтижесімен үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, қазақстандық команда мүшелерінің АҚШ-тағы Әлем чемпионаты кезеңінің басқа бағдарламаларында жүлдегер атануға мүмкіндігі бар.

5000 метр қашықтықтағы ерлер арасындағы эстафетада Адель Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Денис Никиша және Еркебұлан Шамхунов төрттігі финалға өтті.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз