Қазақстандық ватерполшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Сурет: Instagram/aasf_official
Самутпраканда (Таиланд) ерлер мен әйелдер арасында су добынан 4-Азия чемпионаты басталды. Мұнда Қазақстан атынан екі команда қатысып, жарыстың бірінші күні ерлер құрамасы турнир қожайындарынан басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық ватерполшылар бассейн иелері – Таиланд спортшыларын 15:4 есебімен ұтты.

8 қарашада қазақстандық қыздар жекпе-жекке шығады, олардың бірінші айналымдағы қарсыласы Оңтүстік Кореядан келген ватерполшылар болады.

9 қарашада Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.

Су добынан Азия чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстанның ерлер құрамасы 2012 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола жүлдегері атанды.

Қазақстан әйелдер құрамасы екі рет Азия турнирінің финалында ойнап, екі рет 2009 және 2012 жылдары қытайлықтардан жеңіліс тапты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды