Үш алтын, бір күміс, бес қола: Аммандағы шаршы алаңда боксшы қыздарымыз билеп те берді

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында өз ойындарын аяқтап, жалпы командалық есепте медальдар саны бойынша екінші орын иеленді. Марапаттау рәсімінен кейін біздің қыздар тамаша биімен де көптің көзіне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар тоғыз медаль иеленді – үш алтын, бір күміс және бес қола медаль.

Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) және Карина Ибрагимова (57 кг) құрмет тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді.

Гүлсая Ержан (81 кг) күміс медаль еншіледі, ал АЧ-2022 қола медальдары Назым Қызайбайға (50 кг), Жазира Орақбаеваға (52 кг), Мәдина Нұршаеваға (66 кг), Дариға Шәкімоваға (70 кг) және Ләззат Күнгейбаеваға (+81 кг) бұйырды.

Үндістан өкілдері медальдар саны бойынша командалық есепте бірінші орынға ие болды, олардың активінде төрт "алтын" бар. Үшінші орынды Жапония құрамасы місе тұтты, олардан бір чемпион шықты.

Отандық боксшыларды Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Омар Кремлев құттықтауға арнайы келді.

12 қарашада отандық ер боксшылар 9 салмақ дәрежесінде алтын медальға таласу үшін Амман рингіне көтеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды