Қазақстан авиадиспетчерлері футболдан әлем чемпионы атанды

Сурет: Азаматтық авиация комиеті
Испанияның Тенерифе аралында өткен авиадиспетчерлер арасындағы футболдан Әлем чемпионатында Қазақстан ұжымы екі басты марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, турнирге 16 мемлекет қатысты. Қазақстан атынан "Қазақстан" және "Астана" аэронавигациялық қызметтері қызметкерлерінен тұратын екі команда қатысты.

Жарыс барысында отандық командалар Мажарстан, Америка Құрама Штаттары, Кипр, Испания, Италия әуе диспетчерлерінің құрама командаларымен кездесіп, айқасты тартыста жеңіске жетіп, финалға шықты.

Нәтижесінде "Қазаэронавигация" РМК "Қазақстан" командасы әлем чемпионы атағын жеңіп алды, ал "Қазаэронавигация" РМК "Астана" командасы екінші орынды иеленді, үшінші орын Испанияның "Интернешнл" құрама командасына бұйырды.

Жарыс 2022 жылдың 7-11 қарашасы аралығында өтті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды