Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
13 қарашада Легас Вегаста өткен Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентлидің арасындағы басты бокс жекпе-жегі 12 раундқа созылып, өз мәресіне жетті. Бұл тартысты айқаста қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Қазақстан боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл 13-ші жекпе-жегіндегі 13-ші жеңісі.

Жәнібек Әлімханұлы өз мансабындағы 12 раундқа созылған бұл бірінші жекпе-жек екенін айтты.

Бұл - бокс. Әрине, бұл араға спортшылар 100% мықты дайындықпен келеді. Қарсыласым да өте жақсы дайындалып келіпті. Өзім басым түстім. Бұл - менің алғашқы 12-раундым. Әлі үйренетін нәрселер барым көрсетті. Қателіктермен жұмыс жасаймыз.Жәнібек Әлімханұлы

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласады.

Өз кезегінде Дензел Бентли алғашқы раундтарда неге сылбыр болғанын түсіндіріп, реванш сұрады.

Оқи отырыңыз: Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

Бұл - менің кемшілігім емес. Қарсыласымның ойын өрнегін бағалап, кемшілігі неде екенін, алда соны ұтымды пайдалану үшін бастапқы раундтарда сылбыр жүрдім. Реванш алсам деймін. Менің 12 раундқа дейін баруымның өзі көп нәрсені байқатса керек. Мен Әлем чемпионы боламын деп ойладым. Қазылар алқасының шешімі ғой. Дегенмен бұл мені мойытпайды. Әлем чемпионы болғанша шаршы алаңда өнер көрсете беремін! Дензел Бентли

Тағы да оқи отырыңыз: Үшінші алтын медаль! Айбек Оралбай - Азия чемпионы

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды