Жаңалықтар тізбегі
0

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 09:00 Сурет: sports.kz
12 қарашада Иорданияда өз мәресіне жеткен 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының қанжығасы - ең майлысы, Азия чемпионатында жалпы саны 21 медаль жеңіп алды: алтауы – алтын, жетеуі – күміс, сегізі – қола медаль.

Өзбекстан 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) Қазақстаннан кейінгі орынға орнықты.

Үндістанда 12 жүлде бар (4 алтын, 2 күміс, 6 қола), осылайша олар үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:

1. Қазақстан — 6-7-8

2. Өзбекстан — 6-3-4

3. Үндістан — 4-2-6

4. Иордания — 2-3-2

5. Таиланд — 2-2-1

6. Жапония — 1-5-1

7. Оңтүстік Корея — 1-1-4

8. Тайвань — 1-0-3

9. Филиппин — 1-0-2

10. Вьетнам — 1-0-1

11. Моңғолия — 0-2-8

12. Қырғызстан — 0-0-4

13. Иран — 0-0-2

13. Тәжікстан — 0-0-2

15. Пәкстан — 0-0-1.

Айта кетсек, 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатын бірінші болып қыздар аяқтады. Олардың еншісінде үш алтын, бір күміс, бес қола бар. Ал жігіттер 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль еншіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: