Бокстан Азия чемпионаты: Серік Теміржанов күміс жүлдегер атанды

Азия чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 17:58 Сурет: Instagram/serik_temirzhan
Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші күміс жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серік Теміржанов финалда өзбекстандық Әбдумәлік Халоковтан жеңіліп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетсек, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және жастар арасындағы Азия чемпионы. Әбдумәлік Халоковқа келетін болсақ, ол 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы және 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Сонымен, Қазақстан құрамасының қоржынында, әзірге бір алтын, үш күміс медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: