Дулат Бекбауов бокстан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Бокстан АЧ-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 18:31 Сурет: Instagram/bekbauovdulat
Иорданияда 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатының ақтық сыны өтіп жатыр. Көнге тігілген 13 салмақ дәрежесіндегі жүлделердің тоғызына Қазақстан спортшыларының таласы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық сында Дулат Бекбауов (67 келі) қарсыласы - тайландтық Бунжонг Синсириге жол беріп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Сонымен, Қазақстан құрамасының қоржынында, әзірге бір алтын, төрт күміс медаль бар. Алтын медаль Санжар Тәшкенбайға (48 кг) тиесілі, ал үш күміс жүлде иегерлері - Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) Серік Теміржанов (57 кг).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: