Бокстан Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай қола медаль иеленді

Сағындық Тоғамбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 21:12 Сурет: pixabay
Амманда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жартылай финалда 10 қарашада отандық боксшы Сағындық Тоғамбай жарыс қожайыны өкілімен шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағындық Тоғамбай бұл кездесуде қарсыласынан 5:0 есебімен ұтылды.

86 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте ол иордания боксшысы Одаи Рияд Адеальхиндавимен күш сынасты.

Айта кетсек, алдында бокстан ЧА-2022 финалына ерлер арасынан үш қазақстандық финалға шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: