Жаңалықтар тізбегі
0

Бокстан АЧ-2022: Жазира Орақбаева да қола медаль еншіледі

Жазира Орақбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 23:00 Сурет: instagram/boxingkazakhstan
2022 жылы Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева финалға шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева жапондық Ринка Киноситамен кездесіп, ұтылып қалды. Осылайша, Орақбаева құрлық біріншілігінің финалына шыға алмай, турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі) де қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Финалистер туралы айтатын болсақ, кем дегенде екі спортшы "алтын" үшін таласатыны сөзсіз - Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: