Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстанға есе жіберді

Сурет: kff_team
Ташкенттегі орталық стадионда Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасында футболдан жолдастық матч өтті. Алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдастық кездесудің тағдыры бірінші таймда-ақ шешіліп үлгерді. Өзбек футболшылары қонақтар қақпасына 2 гол соғып, үзіліске шықты. Алғашқы таймның 13-ші минутында алаң иелерінің шабуылшысы Ходжимат Эркиновтың көмегімен есеп ашылды. Ал бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда өзбек командасының басты фовариті, итальяндық "Романың" өкілі Эльдор Шомуродов тағы да гол соқты.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ, командалар ойыншыларын ауыстырумен болды, қазақстандық жанкүйерлер Бауыржан Исламханның құрамаға оралғанының куәсі болды.

Қазақстандық ұжым келесі жолдастық ойынын 19 қарашада сырт алаңда БАӘ командасына қарсы өткізеді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда