Қазақстандық жұп би спорты бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сурет: Instagram/top_dance_almaty
Португалияда 2022 жылғы би спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. Онда қазақстандық дуэт Тамара Беленmкая мен Даниил Кузнецов 10 би бағдарламасында (біріктірілген) жасөспірімдердің "Junior-2" санатында қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионатының финалына 30 жұп қатысты. Әр ел осы турнирге қатысу үшін арнайы таңдалған бір ғана үздік жұпты ұсынуға құқылы.

Ал осындай қиын іріктеуде қазақ бишілері бар өнерін көрсетіп, орасан зор серпіліс жасап, туымызды әлемнің үздік дуэттері арасында тұғырдың үшінші сатысына көтерді. Латвия өкілдері чемпион атанды, Румыния бишілері екінші орын алды.

Даниил Кузнецов пен Тамара Беленькая би дуэті бұған дейін Финляндияда өткен Helsinki Grand Prix-2022 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған еді. Онда олар «Junior-2» категориясында еуропалық және латын америкалық бағдарламалардың ашық класы бойынша үздік атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды