Daily mail-дың хабарлауынша, сот отырысында Фиона Барклей өз кінәсін толықтай мойындаған. Ол өзіне міндеттелген мерзімнің жартысын қамауда өткізеді. 33 жастағы әйел клубта бизнесті дамыту жөніндегі менеджер болып қызмет атқарған. Тергеу барысында оның екі жыл бойына басқа шоттарға аракідік ақша аударып отырғаны анықталды. Бір жыл бұрын 25 мың фунт стерлинг ұшты-күйлі жоқ болып, оның ұрланғаны дәлелденгеннен кейін ол жұмыстан шыққан.
Бірқатар фактілер бойынша Барклай клубқа тиесілі 104 мың фунтты иемденген. Оның айтуынша, бұл қаражатты ол өзінің үйлену тойына жұмсаған, сонымен қатар күйеуі мен отбасына сыйлықтар сатып алған.