Жапония Германия құрамасын ұтып кетіп, әлем чемпионатында екінші сенсация тіркелді

Сурет: fifa.com
Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты екінші күн қатарынан өз нәтижесімен спорт сүйер қауымды таң қалдыруда. Төрт дүркін әлем чемпионы болған Германия құрамасы Аргентинаның күйін кешіп, Жапония командасына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймда Германия құрамасы бірден шабуылдап, жапондықтардың қақпасы маңында бақ сынады. Бірақ, тек 33-ші минутта және 11 метрлік стандарттық доп тебу кезінде сәттілік туып, олар суырылып алға шықты. "Ман Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гүндоған пенальтиді сәтті жүзеге асырды.

Сурет: fifa.com

Алайда екінші таймда жапондық құраманың ойын өрнегі мүлде өзгеріп шыға келді, кездесудің аяқталуына 15 минут қалғанда қарсыластарын астан-кестен кетті. Алдымен Рицу Доан ұпайды теңестірді, содан кейін Такамуто Асано азиялықтарды алға шығарды. Есеп - 2:1. Осы есеп ойынның соңына дейін еш өзгеріссіз қалды.

Осылайша, екінші күн қатарынан азиялық командалар, атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Жапония аты аңызға айналған Аргентина мен Германия сияқты алыптардың аяқтарын аспаннан келтіріп, тәубелеріне түсірді.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді