Криштиану Роналдудың көзіне жас алатын жөні бар – БАҚ

Сурет: Twitter/FIFAWorldCup
Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан ұтылып қалған (0:1) Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду көзіне жас алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін футболшы көңілі түскен күйінде алаңнан кетті, тіпті әдеттегідей жанкүйерлеріне жақындап бармады, командаластарына да қайырылып қарамады. 

Айта кетсек, Роналду бірінші таймда резервте болды, ал бұл кезде оның қарсыластары бір гол салып үлгерді. Ол тек екінші таймда алаңға шықты. Бірақ ол командасын тығырықтан құтқара алмады. Мұнысына Роналду қатты қапаланды. Марокко қорғаныста "жатып" алып, осы қырынан мықты екенін тағы да дәлелдеді. 

Турнирдің ширек финалында португалдықтар осылайша Мароккодан 0-1 есебімен ұтылып, турнирден "ұшып" кетті.

Журналист және статистик Дункан Александр өзінің  Twitter-дегі парақшасында Криштиану Роналдудың көзіне жас алатын жөні бар деп жазды:


"Роналдудың әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі статистикасы мынандай: сегіз матч, алаңда 9,5 жарым сағат ойнаған, қақпаға 27 доп бағыттаған, бірақ бір де бір гол тіркелген жоқ. Енді осыдан кейін ол Португалия ұлттық құрамасы сапында әлі де өнер көрсетуге ынталы болар ма екен?..".



37 жастағы Роналдудың бұл - бесінші чемпионаты. Ол әр мундиалда гол соғып, ерекше көзге түскен, әр кез рекорд орнатқан мықты ойыншы, бес әлем чемпионатының 22 ойынында ол сегіз гол соққан.

Айта кетсек, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен өзара бақ сынайды. Тағы бір жартылай финалдық матчта Хорватия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Қатардағы әлем чемпионатының финалы 18 желтоқсанда "Лусаил Иконик" стадионында өтеді.  

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды