Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында қола медаль еншіледі

Сурет: Instagram/azamat_dauletbekov
АҚШ-тың Коралвилл қаласында (Айова штатында) өткен еркін күрестен әлем кубогында отандық балуан Азамат Дәулетбеков қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков әлем құрамасы сапында өнер көрсетті. Оған 2022 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік палуандар шақырылды. Әлем құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады.

Азамат грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен жеңіп, қола жүлде иеленді.


Сурет: Instagram/zhamila.bakbergenova

Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен 2022 жылғы Әлем кубогында Біріккен күрес әлемі құрамасында Қазақстан атынан өнер көрсетті. Жекелей сында ол жақсы көрсеткішке ие болғанына қарамастан, оның командасы АҚШ-та жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз