Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирде дүниежүзінің бесінші ракеткасын жеңді

Сурет: Елена Рыбакинаның Instagram-парақшасы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан World Tennis League командалық көрме турнирінде беларусь спортшысы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Prosports.kz-тің хабарлауынша, Рыбакина Hawks командасында (Александр Зверев, Доминик Тим, Анастасия Павлюченкова), ал Соболенко Falcons командасында (Новак Джокович, Григор Димитров, Паула Бадоса) өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші бұл кездесуде 0:6, 6:1, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 56 минутқа созылды.

Еске салайық, Елена Рыбакина 2022 жылғы қыркүйекте теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде жеңіске жетті. Ол — бұл турнирдің жеңімпазы болған қазақстандық алғашұы спортшы. 

Елена Рыбакина Мәскеуде туған, 2018 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті