Магнус Карлсен жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды

Сурет: kazchess.kz
Әлемдік гросмейстер, норвегиялық Мангнус Карлсен кеше рапидтен өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарына қарағанда, Магнус соңғы турда ирандық Пархам Магсудулыны жеңді. Магнустың еншісінде 8 жеңіс 4 тең нәтиже және бір ғана жеңіліс бар.

Жылдам шахматтан әлем чемпионатының алтынын кеудесіне таққан Карлсен баспасөз мәслихатында бұл әлем біріншілігіндегі әр партия, кез келген қарсыласпен ойнау қиындық тудырғанын айтқан.

"Бұл әлем  чемпионатына таңдаулы гроссмейстерлер қатысқандықтан маған оңай соққан жоқ. Ең бастысы әлем жылдам шахматтан чемпионы атағын алғаныма қуаныштымын", - деді баспасөз мәслихатында Магнус Карлсен.

Рапидтен әлем чемпионатының күміс медалі германиялық Винсент Кеймер алды. Қола медальді америкалық Фабиано Каруан жеңіп алды. Еліміздің атынан қатысқан ерлер арасында Қазыбек Нөгербек 13 ұпайдың 8-ін жинап, әлемдік сайысты  35-орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Динара Сәдуақасованың жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлде алғанын хабарлаған едік.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты