Қазақстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында ресейлік шахматшы шешінуге мәжбүр болды

Сурет: Дәурен Исаев
Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий шахматтан Алматыда өткен рапид бойынша әлем чемпионатында біртүрлі жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның үстіне киген жейдесі кішігірім дүрбелең туғызған, деп хабарлайды Sportbox.ru.

Сөйтсе ресейлік гроссмейстердің жейдесінде Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Мессидің 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Нидерландыны жеңгеннен кейін, тілшіге сұқбат беріп тұрып, қарсылас командасының шабуылшысы Ваут Вегхорстқа қарап сөйлеген сөзі жазылған екен.

"Qué Mirás, Bobo?", - деген Мессидің осы сөзі кейіннен желіде тез тарап, әжуа-қалжыңға айналған. Бұл сөздің тікелей аудармасы: "Неге қарайсың, ақымақ?" (Чего уставился, придурок) дегенді білдіреді екен.

Шахмат турнирінің ұйымдастырушылары міне, осындай күмәнді жейдені байқап, оны ауыстыруды талап еткен. Осыдан кейін орыс шахматшысы көпшілік алдында ақ көйлек киіп шықты.

Айта кетсек, Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша отандасымыз Динара Сәдуақасова күміс медаль иеленді.  Мемлекет басшысы Динара Сәдуақасованы жеңісімен құттықтады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі