Универсиада-2023: Қазақстан екінші «алтынға» ие болды

Сурет: olympic.kz
Универсиада-2023 жарысында шаңғымен секіруден алтын медальді Данил Васильев жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, қазақстандық 257,3 ұпаймен үздік нәтиже көрсетіп, австриялық Максимиллиан Линхер (251,4) мен Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озды.

Қазақстандықтар: Сергей Ткаченко жетінші, Никита Девяткин - тоғызыншы, Святослав Назаренко - 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы - 21-ші болды.

Бұған дейін Қазақстанға «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған. Ол 15 шақырымға жекелей жарыста үздік атанды. Куралес норвегиялық Оржан Мосенгтен 42,6 секундқа, француз биатлоншысы Алекс Гарньеден 1 минут 16,5 секундқа озып кетті.

Сонымен қатар, бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияны жойқын түрде жеңді. Ал бұған дейін біздің құрама Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) ұтқан болатын.

Біздің хоккейшілер плей-оффқа шығуға кепілдік берді.

Айта кетейік, медальдық есепте қазақстандықтар екі алтынның арқасында 6-орынға жайғасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін