Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының жартылай финалына шыққаны үшін 288 миллион теңге табыс тапты

Сурет: Instagram/lenarybakina
Аустралия-2023 ашық чемпионатының жартылай финалисі Елена Рыбакина Мельбурн кортында жеткен тарихи жетістігі үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 миллион теңгеден астам) сомаға чек әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл жүлде сомасын екі есеге жуық көбейте алады. Оның үстіне қазақстандық спортшы қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында.
Australian Open-2023-ті ол әлемнің 25-ракеткасы ретінде бастаған еді.



Австралиялық турнирдің ресми сайтының жазуынша, Австралияның ашық чемпионатында биылғы маусымдағы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 52 миллион доллар болды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жеке сында чемпиондар үш миллионға жуық ақша алады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді