Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының жартылай финалында кіммен сайысқа түсетіні белгілі болды

Сурет: Instagram/vichka35
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Аустралия-2023 ашық чемпионатының жартылай финалындағы қарсыласы анықталды. Ол – Мельбурн корттарында екі рет жекелей сында (2012 және 2013) жеңіске жеткен Беларусь спортшысы Виктория Азаренка, деп хабарлайды Zakon.kz.

Виктория Азаренка AusOpen чемпионатының екінші ширек финалында әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Беларусь теннисшісі – осы турнирдегі ең атақты әрі тәжірибелі спортшылардың бірі. Бір кездері ол ғаламның бірінші ракеткасы атанса, қазір әйелдер рейтингісінде 24-орында.

Азаренка Максим Мирныймен аралас жұпта 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ жекелей сында қола жүлдегер атанды. Үш рет АҚШ-тың ашық чемпионатында жекелей сында финалист, аралас жұпта екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы болды. 30 WTA турнирінде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина мен Виктория Азаренканың арасындағы AusOpen 2023 жартылай финалы 24 қаңтарда өтеді.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді