Тарихи сәт: Гран-При финалында қазақтың екі спортшы қызы бір-бірімен күресті

Cурет: Дзюдо федерациясы
Бүгін Португалияның Алмада қаласында дзюдодан Гран-при басталды. Алғаш рет әйелдер арасында екі қазақ дзюдошысы (48 келі) финалда күресті. Финалда Әбиба Әбужақынова тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әбиба Абужақынова іріктеу кезеңінде аргентиналық Кейси Перафан мен сербиялық Андреа Стоядиновты жеңіп, жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда тәжірибелі израильдік Шира Ришонидің жауырынын жерге тигізді.

Ғалия іріктеуде әуелі француз Мелани Вьені, сосын америкалық Мария Селия Лабордені, ширек финалда испан Лаура Мартинес Абеленданы голден-скорда ұтқан. Ал Ғалия Тынбаева жартылай финалда португалиялық Катарина Костаны жеңді. Екі дзюдошы голден-скорды қоса есептегенде 11 минут 14 секунд күресті. 

Бүгін татамиге шыққан қалған Ұлттық құрама өкілдерінің нәтижесі мынандай:

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуде 18 жастағы жапониялық Ямато Фукудаға есе жіберді. Осы салмақтағы Қанат Сейілхан үндістандық Виджай Кумар Ядавты ұтқанымен, украиналық Артем Лесюкке қарсы тұра алмады.

Сұңғат Жұбатқан мен Айболат Ыстыбай (66 келі), Әйгерім Әбілқадырова мен Толғанай Әбеуова (52 келі) іріктеуде қарсыласқа жол берді.

Айта кетейік, Гран-при 29 қаңтарға дейін Тежу өзенінің жағасында өтеді. Мұнда 83 елдің 600-ге жуық татами шебері рейтинг ұпайы үшін таласып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды