Бибісара Асаубаева Франциядағы беделді рапид турнирінде қарсыластарынан басым түсті

Бибісара Асаубаева, шахматшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 10:21 Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 рапид турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық шахматшы неміс Элизабет Пец пен грузиялық Нино Бациашвилиді жеңді. Финалда Асаубаеваның қарсыласы украиналық шахматшы Мария Музичук болды. Ал Музичук финалға дейін нидерландылық Элин Руберс пен Үндістан өкілі Конеру Хампиді жеңіп шыққан.

Басты титул үшін тартыста Бибісара Асаубаева басымдық танытып, рапид бойынша чемпион атанды.

Бұған дейін Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен алтыншы жыл сайынғы Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирінде де сәтті өнер көрсеткен. Қазақстандық шахматшы 5 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды және 35 мың доллар көлемінде жүлде алды.

Рапид (жылдам шахмат) – әр ойыншыға бүкіл партияға 10-нан 60 минутқа дейін уақыт берілетін шахмат түрі. Бұл формат ұзаққа созылатын классикалық шахмат пен жылдам блиц арасындағы аралық нұсқа болып саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: