Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде қатарынан екі рет жеңілді

Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде қатарынан екі рет жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2026 11:43 Сурет: Instagram/fide_chess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан турнирде қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Алтыншы турда 22 жастағы қазақстандық спортшы үндістандық Дивья Дешмухқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz-тің жазуынша, қазақстандық шахматшы жарыста қатарынан екінші жеңілісіне ұшырап отыр. Бір күн бұрын ол ресейлік Екатерина Лагнодан жеңілген еді.

Алты тур қорытындысы бойынша Асаубаеваның еншісінде бір жеңіс, үш тең ойын және екі жеңіліс бар – 2,5 ұпай. Ол қытайлық Тань Чжунъимен бірге 7-8-орындарды бөлісіп тұр.

Көш басына украиналық Анна Музычук шықты. Ол Чжу Цзиньэрді жеңіп, төрт ұпай жинады. 5 сәуір күні Музычук Асаубаевамен кездеседі.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр, оған сегіз шахматшы қатысады: әрқайсысы әр қарсыласымен екі партиядан өткізеді. Жеңімпаз қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен әлемдік тәж үшін ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: