Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінің екінші партиясында да қарсыласымен тең түсті

Бибісара Асаубаева, шахмат, Кипр, Үміткерлер турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 22:40 Сурет: ҚШФ-ның баспасөз қызметі
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мысырда өтіп жатқан 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі екінші партиясын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші турда отандасымыз ресейлік Александра Горячкинамен тең түсіп, турнирдегі кезекті ұпайын еншіледі. Жерлесіміз ақ тастармен ойнады.

Алғашқы турда да Асаубаева үндістандық Вайшали Рамешбабумен тең ойнаған болатын.

Алдағы кездесулерде  жерлесімізді Қытайдың екі өкілі - Чжу Цзиньэр мен Тань Чжунъимен болатын ойын күтіп тұр.

Жалпы, Үміткерлер турнирі айналмалы жүйе бойынша екі кезеңнен тұрады. Бибісараның қарсыластары қатарында үндістандық Дивья Дешмукх, ресейлік Екатерина Лагно және украиналық Анна Музычук та бар.

Айта кетсек, турнир жеңімпазы қазіргі чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін таласу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған дейін қазақстандық баскетболшы қыздар Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларын ойсырата жеңіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: