Бибісара Асаубаева Мәскеудегі шахмат фестивалінде 1-орын алды

Бибісара Асаубаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2024 14:06 Сурет: instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен "Аэрофлот Опен 2024" шахмат фестивалінде 1-орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, спортшы әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті.

"Жарысқа FIDE рейтингінде 2 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысты, сонымен қатар турнирде 15 жасқа дейінгі қатысушылар да өнер көрсетті". Қазақстан шахмат федерациясы

Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын мына спортшылар қорғады:

  • Қазбек Нөгербек (18-орын);
  • Даниал Сәпенов (21-орын);
  • Рамазан Жалмаханов (38-орын);
  • Әлішер Сүлейменов (65-орын).

Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: