IV Қысқы жастар спорт ойындары аясында шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Алматыда ҚР IV Қысқы жастар спорт ойындары өтіп жатыр. Бүгін шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Zakon.kz басылымына.

Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл) Алматы қаласының бірінші командасы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен ШҚО спортшылары тұрақтады.

Жалпы есепте Алматы қаласы жеке-дара топ жарды. Шығыс Қазақстан облысы 2-орын алса, Алматы облысы үздік үштікті түйіндеді.

Барлығы "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде 4 өңірдің (Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысы) 100-ден астам спортшысы 5 жас санатына бөлініп, сынға түсті. Олар жекелей сында К-20 (12 жас), К-40 (13-15 жас), К-60 (14-16 жас), К-95 (17-20 жас) тұғырынан секірсе, командалық бәсеке К-90 трамплинінде өтті.

Қазір Алматыда кёрлингшілер шеберлік байқасып жатыр. Барлығы 2 қала мен 8 облыстан келген команда (200-ге тарта жас спортшы) 2 топқа бөлінген. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 12 ақпанда белгілі болады.

Жалпы биылғы кешенді жарыс барысында 11 спорт түрінен үздіктер анықталады. Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрамасы жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.

Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда, сағат 14:00-де Павлодар қаласында, ал жабылуы 8 сәуір, сағат 14:00-де Астана қаласында болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы