Еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Бүгін еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының қалған 5 салмақтағы жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы есепте Жамбыл облысы 1-орын алса, Астана қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Павлодар өңірінің еркін күрес шеберлері түйіндеді.

61 келі:

Алтын – Нұрболат Абдуәлиев (Түркістан облысы)

Күміс – Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)

Қола – Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы), Владимир Кудрин (Ақмола облысы)

70 келі:

Алтын – Санжар Досжанов (Астана)

Күміс – Егор Анчугин (Алматы қаласы)

Қола – Мейіржан Аширов (Жамбыл облысы), Досжан Әсетов (ШҚО)

79 келі:

Алтын – Болат Сақаев (Атырау облысы)

Күміс – Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы),

Қола – Жігер Закиров (Алматы облысы), Дәулет Ергеш (Жамбыл облысы)

92 келі:

Алтын – Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)

Күміс – Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар облысы)

Қола – Н һұрдәулет Бекенов (ШҚО), Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана)

125 келі:

Алтын – Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)

Күміс – Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

Қола – Омар Эюбов (Алматы облысы), Талғат Жиентаев (Қостанай облысы)

Осымен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі аяқталды. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда