Жарысқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың құрама командалары қатысты. Спартакиада халықаралық күрес федерациясының ережелері бойынша әр стильде 10 салмақ дәрежесінде өткізілді.
"Мұндай жарыстар олимпиадалық ойындардың беделін танымал етуге, өңірлерде спортты дамытуға ықпал етеді. Спартакиада қорытындысы бойынша рейтингтік турнирлерге қатысу үшін грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша ұлттық құрама командалар жасақталады". Спорт комитеті төрағасының орынбасары – Қорғаныс министрлігінің штаттық командаларды даярлау орталығының бастығы подполковник Әнуар Үсенов
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жарыс қорытындысы бойынша грек-рим күресінен Қарулы күштердің қызметкерлері 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – Нұрсұлтан Тұрсынов, 130 келіге дейінгі салмақта – Әлімхан Сыздықов чемпион атанды. 60 келіге дейінгі салмақта мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Олжас Сұлтан мен 97 келіге дейінгі салмақта Қарулы күштердің қызметшісі Ислам Умаев "қола" медальді жеңіп алды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әйелдер арасындағы күресте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейторлар Марина Среднаяға, 72 келіге дейінгі салмақта Жәмила Бақбергеноваға тең келер ешкім болған жоқ. 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдеге ие болды. Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта ефрейтор Мейіржан Әшіров қола жүлдегер атанды.
Кешенді жарыстарға ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер төрелік етті.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі