Елена Рыбакина халықаралық беделді спорттық сыйлыққа ұсынылды

Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның үздік теннисшісі және әлемнің 10-шы ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылғы "Жыл серпіні" номинациясы бойынша беделді халықаралық спорттық марапатқа үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Уимблдон-2022" чемпионы және Australian Open 2023 чемпионатының финалисі Елена Рыбакина беделді Laureus World Sports сыйлығынан үміткер атанды, деп хабарлайды ҚТФ.

Қазақстандық теннисші - "Жыл серпіні" жүлдесіне үміткер алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр.

Атап өтейік, Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жылда үздік жетістіктерге жеткен спортшыларға ғана беріледі.

Laureus World Sports Awards 1999 жылы құрылған, бұл арада жеңімпаздар екі кезең бойынша анықталады. Алдымен 80-ге жуық елдің беделді спорт редакторларынан, журналистерінен және комментаторларынан тұратын кандидаттарды іріктеу тобы дауыс беріп, әр номинация бойынша қысқа тізім жасалады. Дауыс беру процесін тәуелсіз аудиторлар бақылайды, содан кейін Laureus World Sports Академиясының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. Әрбір жеңімпаз Cartier зергерлік үйі ұсынған Laureus мүсінін алады. Салмағы 2,5 келі болатын бұл мүсіннің құрамында 670 грамм күміс және 650 грамм алтын бар.

Бұл мүсінмен көбіне теннисшілер марапатталыпты. Роджер Федерер Laureus World Sports Awards тарихында бес рет жеңіске жетті, Новак Джокович - төрт рет, Рафаэль Надаль - екі рет, Серена Уильямс - төрт және Наоми Осака - бір реттен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін