Әмір Закиров Жапониядағы брейк-данс турнирінің жеңімпазы болды

Сурет: facebook/breakingforgold
Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-те жазды.

Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен Жапониядан қатысқан қарсыластарынан озық шықты.

Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы жігіт, 81-і қыз.

"Осы ретте Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сонымен бірге біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі жапониялық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сонымен бірге чемпионымызға қарқынын үдетпей, 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін. Айта кетейін, брейк-данс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады".Асхат Оралов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы