Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының басшылығына қайта сайланды

Абай Алпамысов, Ұлттық баскетбол федерациясы, президент, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 19:01 Сурет: olympic.kz
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының конференциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл Тани, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Ұлттық баскетбол федерациясының басшысын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Абай Алпамысов жаңа мерзімге федерация президенті болып сайланды.

Айта кетейік, Абай Алпамысов Қазақстан баскетбол федерациясын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол 2013-2017 жылдары да ұйым президенті қызметін атқарған.

Сондай-ақ, ол FIBA Азия басқармасының мүшесі.

Бүгін, 2026 жылдың 25 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: