Жаңалықтар тізбегі
0

Олимпиада чемпионы Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті болып сайланды

Дмитрий Баландин, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 22:11 Сурет: olympic.kz
Алматыда Су спорты түрлері федерациясының конференциясы өтіп, ұйымның президенті мен атқарушы комитеті қайта сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды. 

"Маған сенім артқандарыңызға алғыс айта отырып, еліміздегі және халықаралық аренадағы су спорты түрлерінің дамуына өз үлесімді қосатыным үшін қуаныштымын. 2023 жылы өткен Азия ойындарында біздің федерация спортшыларының 80 пайызы Ойын тұғырына көтерілді, бұл федерация жұмысының тиімділігін дәлелдейді. 2016 жылы жеңіп алған Олимпиаданың алтын медалі маған үлкен еңбектің нәтижесінде келді. Бүгінде мен өзімнің тәжірибем мен жігерімді Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытып, қолдауға дайынмын".  Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясының жаңа вице-президенті Дмитрий Баландин

Айта кетейік, Баландин Рио Олимпиадасынан бөлек, 2014 жылы өткен Инчхондағы жазғы Азия ойындарында үш мәрте жеңімпаз атанған. 

Қазіргі таңда ол спорттағы мансабын аяқтап, жауапты қызметке кірісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: