Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті сайланды
Сурет: olympic.kz
Сербияның Белград қаласында өткен Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) 57-конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауда Александр Оспельт (Лихтенштейн) жеңіске жетті. Ол 65 дауыс жинаса, Йохан Элиаш 64 дауысқа ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін федерация президенті қызметін Йохан Элиаш атқарған. Ол FIS ұйымын 2021 жылдан бері басқарып келген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript