"Ауыл" партиясына жаңа төраға сайланды
Сурет: "Ауыл" партиясының баспасөз қызметі
Съезд барысында "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев қызметінен кететінін мәлімдеп, бұл шешімді партияның жаңару үдерісімен және жаңа саяси жағдайларға бейімделу қажеттілігімен түсіндірді. Ол партияның болашағы мен сабақтастығын сақтау мақсатында жаңа басшылыққа қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесуде төраға лауазымына партия төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың кандидатурасы ұсынылды. Делегаттар оны бірауыздан қолдап, жаңа төраға ретінде сайлады.
Қайрат Айтуғанов аграрлық экономика, мемлекеттік басқару және ғылыми салада 40 жылдан астам тәжірибесі бар маман ретінде танымал. Ол әр жылдары ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі мемлекеттік және ұлттық компанияларда, сондай-ақ өңірлік даму жобаларында басшылық қызметтер атқарған.
Съезд барысында партияның Жарғысына Конституциядағы өзгерістерге сәйкес түзетулер енгізу туралы шешім де қабылданды.