Айбек Дәдебай "Әділет" партиясының төрағасы болып сайланды
Сурет: akorda.kz
Съезд барысында делегаттар Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекітті. Одан кейін Саяси кеңес мүшелері партияның Саяси кеңесі бюросының құрамына дауыс берді.
Сонымен қатар, партия төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай ұсынылып, оның кандидатурасын съезд делегаттары қолдады.
Айбек Дәдебай 2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап атқарып келген.
2026 жылғы 15 сәуірде бастамашыл топ "Әділет" атты жаңа саяси партия құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасаған.
2026 жылғы 16 сәуірде партияның ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен жаңа саяси бірлестік құру туралы хабарламаның берілгенін растайтын құжат алғанын ресми түрде жариялаған.
Бүгін, 7 мамырда Астанада өткен құрылтай съезінде "Әділет" партиясын құру туралы шешім қабылданды.