Теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 14 жастағы Ариана Гогулина жеңімпаз атанды

Сурет: ktf.kz
Елордада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жасар теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.

Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2 

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жасар спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен тізе бүктірген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

Ерлер:

1. Артур Хайрутдинов - Максим Батютенко

2. Ілияс Маратұлы - Вячеслав Кауфельд

3. Тимур Хабибулин - Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер:

1. Ульяна Романова - Полина Слепцова

2. Мария Синицына - Карина Жұмажанова

3. Альбина Кәкенова - Айя Мырзақұлова.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады