"Дайындала бер!". Шавкат Рахмонов келесі қарсыласының атын атады

Сурет: Twitter/Shavkat “Nomad” Rakhmonov
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-5) жер жастандырған соң өзінің келесі қарсыласының атын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Өз елімнің туын көтеріп, желбірете алғаныма қуаныштымын. Аллаға сан мың рақмет, қолымнан келді бұл. Джефф Нил мықты қарсылас, көптен бері жеңіліп көрмеген, оның үстіне менен әлдеқайда ауыр, бірақ соған қарамастан бұл жекпе-жектен бас тартқаным жоқ. Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер, келесі сенсің! - деді "Номад" октагондағы жеңісті жекпе-жегінен кейін.

Сонымен қатар, Рахмонов болашақта жартылай орта салмақтағы UFC титулына таласуға ниеті екенін мәлімдеді. Сөйтіп жақында осы белбеуге таласатын Леон Эдвардс пен Камара Усманды құлағдар етіп, оларға ескерту жасады.

Айта кетсек, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру әдісімен ұтып кетті

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты