Денис Уланов 2016 жылы Риода өткен жазғы Олимпиада ойындарында медальға сәл жетпей қалды, ол төртінші қатарға тоқтады, ол үшін 30 000 доллар сыйақы алды. Алайда көп ұзамай осы ойындардың қола жүлдегері румындық спортшы Габриэль Синкреян допингпен ұсталып, медаль автоматты түрде Денистікі болды.
Біраз уақыттан кейін зілтемірші үшінші орынға 45 мың АҚШ доллар болатын ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген. Бірақ ол спорт қызметкерлерінен тиісті жауап алмады. Себебі төлемдерді қайта қарауға негіз жоқ еді.
Спортшы сонда да берілмеді, ол істі сот арқылы жеңіп шықты. Бұл процеске Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы нүкте қойды.
"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, төлемдер сомасын қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды. Сот Мәдениет және спорт министрлігіне төлемдер сомасын қайта қарауды қамтамасыз етсін деп міндеттеме жүктеді".Сот алқасының шешімі
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Денис Уланов 29 жаста, ол Азия-2016 чемпионы және Универсиада-2017 жеңімпазы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.