Өткен маусымның ең үздік ойыншысы Астанов "Астанаға" ауысты

Сурет: Instagram/fca.astana
Қазақстанның қазіргі чемпионы - елордалық "Астана" футбол клубы өз қатары толығып жатқанын жеткізді. "Астана" мен "Ақтөбе" ойнауы тиіс үшінші турдың басталуы қарсаңында команда сапына өткен маусымның үздік ойыншысы - Эльхан Астанов келіп қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов өзінің осыған дейінгі бүкіл мансабын арнаған "Ордабасы" (Шымкент) клубынан ауысып келді. Өткен маусымда футболшы Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын. Ол кезде оңтүстіктер ең шешуші сәтте Оралдың "Ақжайық" командасын 5:4 есебімен ұтып кеткен еді. Берілген қосымша уақытта финалдық матчтың 119-шы минутында дәл осы Астанов пенальтиді қақпаға дөп соғып, өз командасына жеңіс сыйлаған болатын. 

Ел чемпионы құрамасында Эльхан Астанов 21-ші нөмірде өнер көрсетеді. Жартылай қорғаушы "Ордабасы" жанкүйерлерімен қош айтысып, алғысын жеткізуді де ұмытпады.

Жаңа құрама сапындағы Астановтың дебюті жақын арада болуы ықтимал, онда да 14 наурызға жоспарланған матч кезінде. Үшінші тур аясында "Астана" өз аренасында өзінің басты бәсекелесі - "Ақтөбе" клубын қабылдайды. Бұл тартысты жекпе-жектің басталу уақыты сағат 21:00-ге жоспарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін