Қазақстандық гимнасшылар Грекияда өткен "Афродита Кубогында" алты медаль иеленді

Сурет: Instagram/drs_kz
Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан VIII "Афродита Кубогы" атты халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста көркем гимнастикадан қазақстандық мектеп өкілдері алты бірдей жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда 7-ші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді.Жастар арасында Айым Мейіржанова лентамен жаттығу көрсетіп, қола жүлдеге қол созды. Оның еншісінде 25.850 балл бар.

Сурет: Instagram/akimat__astana

Командалық сайыста Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Әсел Шүкірбай 3+2 бағдарламада (3 гимнаст лентамен, екеуі доппен) 25.800 ұпай жинап, 2-орын алды. Бұл сында жарыс қожайыны Грекия топ жарса, үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді.

Қазақстан қоржынына соңғы медальді топтық сайыста жастар салды. Олардың финалдағы лентамен көрсеткен бағдарламасына төрешілер 28.050 балл берді. Қазақстан құрамасы Италия мен Болгариядан кейінгі үшінші орынға табан тіреді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз