"Онда өте маңызды турнир бар еді. Гран-при. Бәрі де жақсы болатын еді, егер ол кенеттен турнирді тастап кету туралы шешім қабылдамағанда. Оны ұйымдастырушылар лайықты дәрежеде қарсы алмаған көрінеді",- деп жазды алдында Бибісара Асаубаева желідегі парақшасында.
Кейін Жансая Бибісараның сынына жауап берді.
"Бибісара Асаубаеваның бірнеше рет мені тілімен түйреп өтіп, танытқан этикаға жат қылықтарын елемеуге тырысып-ақ едім, алайда оған "жауап" қайыратын сәт келген секілді. Сөзді Асаубаеваның өз жазбасына пайдаланған суреттен бастасам ба деймін. Ол қазіргі жағдайға түк сәйкес келмейді және шахмат әуесқойларын шатастырады (ондағы сурет 2021 жылы Әлем Кубогында түсірілген). Әрі қарай, Үндістандағы Гран-при жағдайының өзіне келсек. Мен және менің әріптестеріме (Асаубаеваның өзін қоса алғанда) ол арадағы жағдай ұнамай, көңілімізге кірбің ұялатты", - деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында.
Жансаяның айтуынша, кеңесе келе, турнирге қатысушылар ФИДЕ президенті мен басқарушы палатасына өздерінің наразылықтарын сипаттайтын ұжымдық хат жазуға шешім қабылдады және жарыс кезеңін кейінге қалдыруды немесе оның мүлде күшін жоюды ұсынды.
"Хатқа Гран-придің барлық қатысушысы (Асаубаеваны қоса алғанда) қол қойды. Қатысушылардың ұжымдық наразылығына байланысты ұйымдастырушылар, тіпті турнирдің басталуын белгісіз мерзімге ауыстыруға мәжбүр болды. Мен өзім ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен Атқарушы директор Эмиль Сутовскийге мұндай жағдайда ойнамайтындығымнан хабардар еттім".
"Бибісара Асаубаеваның осы бір ұнамсыз өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, қабылданған өз шешімім үшін еш өкінбеймін және шахматшылар қауіпсіз және лайықты жағдайда ойнауға лайықты екеніне сенімдімін. Мен әрқашан өз елімнің атын мақтанышпен және абыроймен танытуға әрқашан дайынмын! Үндістандағы Олимпиаданы әлі де жақсы көңіл-күйде еске аламын, бірақ Делидегі жағдай шынымен де тым қолайсыз. Мен өз атыма кір келтірмес үшін осы жазбаны жариялауға мәжбүрмін", - деп жазды ол.