Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 22:12 Сурет: olympic.kz
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы үш метрлік тұғырдан секірудің жекелей сайысының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Илларион Авченко 389.25 ұпай жинап, 32-орынға табан тіресе, Эмиль Касимов 331.65 ұпаймен 41-орыннан көрінді.

Финалда Финн Ауэ (Германия) 359.20 ұпаймен жеңіске жетті. Ресей өкілі Матвей Помошников 341.85 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Ал Маори Померой-Фалекау (Фиджи) 297.50 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, 25 тамызда отандастарымыз бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: