Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық шпагашылардың нәтижесі

Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында шпагашылар жарысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасындағы ең үздік нәтиже Кирилл Проходовқа тиесілі — ол 34-орынға ие болды.
Георгий Тинников 47-орыннан көрінсе, Богдан Лукин 89-орынды иеленді. Ал Ғабиден Мұстафин 100-орынға тұрақтады.
Командалық жарыста Қазақстан 17-орынды еншіледі. Ел намысын Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин және Кирилл Проходов қорғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript