Қазақстан суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуін бастады
Сурет: olympic.kz
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы жарыс күні Илларион Авченко және Эмиль Касимов үш метрлік тұғырдан синхронды секіру сайысында бақ сынады. Нәтижесінде 218.16 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.
Канада құрамасы 281.82 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ресей құрамасы иеленді – 272.46 ұпай. Ал үздік үштікті Германия түйіндеді – 266.43 ұпай.
Айта кетейік, ертең, 22 тамызда отандастарымыз үш метрлік тұғырдан секіруден жекелей сайыста сынға түседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript