Қазақстандық жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатында төрт рет үздік ондыққа енді

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт рет үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 17:45 Сурет: olympic.kz
Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар төрт рет үздік ондықтың қатарына енді.

Жекелей сында Илья Мизерных алтыншы орынмен жарысты аяқтады.

Ал әйелдер арасындағы командалық жарыста Анастасия Горунова, Алиса Седова, Алена Свириденко және Виктория Рулева жетінші орынға ие болды.

Осы бағдарламада ерлер құрамасы сапында өнер көрсеткен Илья Мизерных, Даниил Калинкин, Артем Мешков және Давид Гааль алтыншы орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Қазақстан аралас командалар арасындағы жарыста да үздік ондыққа енді. Бұл сайыста Илья Мизерных, Артем Мешков, Виктория Рулева және Алена Свириденко сегізінші орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: