Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының атынан бұл турнирге ерлер арасында Әлихан Ағабек және Оразалы Сағыныш бақ сынайды. Олар "Е" тобында өнер көрсетіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер арасында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет сынға түседі. Олар "G" тобында өнер көрсетіп, Латвия, Венесуэла және Канада командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript