Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 22:06 Сурет: olympic.kz
Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыста қысқа бағдарлама өтті.

Қазақстан атынан Артур Смағұлов өнер көрсетті. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 51.76 ұпай жинап, 37-орынға тұрақтады.

Ол еркін бағдарламаға жолдама ала алмады. Себебі бұл кезеңге өту үшін қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына ену қажет еді.

Жапониялық Рио Накада аралық көшбасшы атанды. Ол 89.51 ұпай жинап, осы жас санатында әлем рекордын жаңартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: